Спорт • 19 Желтоқсан, 2020

Мәдениет министрі Головкинді жеңісімен құттықтады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орта салмақтағы IBF және IBO алтын белбеуін сәтті қорғаған боксшыГеннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәдениет министрі Головкинді жеңісімен құттықтады

«Сіз шаршы алаң төрінде әккі қарсыласыңызды айқын басымдықпен жеңіп миллиондаған жанкүйердің ыстық ықыласына бөленіп отырсыз. Мұхиттың бергі бетіндегі Қазақстан халқы Сіздің әр жекпе-жегіңізді асыға күтеді, жеңісіңізге шексіз қуанады. Алдағы уақытта да кәсіпқой бокс әлемінің алыбы екеніңізді паш етіп, жарқын кездесулерде мерейіңіздің үстем түсе беруіне тілектеспін. Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, Сізге ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, бәсекелерде толайым табыс тілеймін!», делінген министрдің құттықтау хатында.

Айта кетейік, бүгін IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын. Осылайша Геннадий Головкин чемпиондық белбеуін 21 рет сәтті қорғап шықты.