Коронавирус • 19 Желтоқсан, 2020

Covid-19: БҚО-да жұқпалы аурулар ауруханаларында 155 науқас емделуде

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында жұқпалы аурулар ауруханаларында 155 науқас емделуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Covid-19: БҚО-да жұқпалы аурулар ауруханаларында 155 науқас емделуде

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өңірде 359 төсектік 7 жұқпалы аурулар стационары бар. Сондай-ақ 185 төсектік 4 карантиндік стационарда күні бүгін 44 адам ем алуда. Жансақтау бөлімінде 15 адам жатыр. Облыста резерв ретінде 2028 төсек (1253-і жұқпалы аурулар, 775-і карантиндік стационарда) әзірленген.

Сол секілді пневмонияға шалдыққан 132 адам стационарда, 48-і амбулаторлық ем алуда. Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 4, жасанды тыныс алу аппаратына 2, оттегі концентраторына 4, орталықтандырылған оттегі көзіне 29 адам қосылған.

Қыркүйек айынан бері облыста 169 баланың коронавируспен ауырғаны тіркелді. Қыркүйек айында – 4, қазанда – 5, қарашада – 102, желтоқсанда 44 бала сырқаттанды. 14 балабақша тәрбиеленушісінің 12-сі қарашада, екеуі желтоқсанда дертке шалдыққан.

Балалардың барлығы отбасы мүшелерінен жұқтырған. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 1 желтоқсаннан бері өңірде 669 адамнан ковид анықталды. Облыста коронавирус жұқтырған барлық адамның 56,2 пайызы (4912) Орал қаласының үлесіне тиеді.