Оқиға • 20 Желтоқсан, 2020

Сұйытылған мұнай газын бөлуде кедергілер бар

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің бірінші отырысында Энергетика министрлігінің квоталау негізіндегі сұйытылған мұнай газын бөлу жүйесі талқыланды.

Сұйытылған мұнай газын бөлуде кедергілер бар

Қатысушылар сұйытылған мұнай газына газ желісі ұйым­­дарының шектеулі шең­­бері төмен бағалар бо­йын­ша қол жеткізетінін, бұл бә­се­­келестікті дамыту қағи­дасын бұрмалайтынын және сұ­йытылған газ өндірі­сінің инвестициялық тартым­дылығын төмендететінін жеткізді. Яғни бағаны мем­лекеттік реттеу жүйесінен тек газ желісі ұйымдары ғана ұтады.

– Сұйытылған мұнай газы­ның электронды саудасын жетілдіру аясында жергілікті нарық шеңберіндегі саудадан бәсекелестікті кеңейтуге жәрдемдесетін неғұрлым ірі өңірлік нарықтарға көшуді ұсынамын. Сондай-ақ ашық­тықты арттыру үшін тікелей өңірлерде электронды сауданы ұйымдастыру жекелеген облыстар деңгейінде тап­шылықтың туындауы бойын­ша тәуекелдерді төмен­детуге мүмкіндік береді. Мо­но­полияға қарсы органның атына Кедергілер жөніндегі кеңестің өзінің монополияға қарсы жұмсақ саясатын жетілдіру тұр­ғысындағы ұсыныстарының бірі монополияға қарсы комплаенс институтын енгізу болуы мүмкін, – деді «ЕТС та­уар биржасы» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұржан Бегалин.

Кедергілер жөніндегі кеңес саланы реттеудің қолданыстағы оң тетігін жетілдіру, нарықты ырық­тандыруға, оның ішін­де 2022 жылға дейін сұйы­тылған мұнай газы сауда-сатты­ғы­на толық көшу және газ желі­сі ұйымдарын аккредиттеу инс­титутын жою жөнінде ұсы­нымдар әзірледі. Қазір агент­тіктің өңірлік бөлім­шелері Батыс Қазақстан, Солтүс­тік Қазақ­стан, Павлодар, Қост­а­най, Қа­ра­ғанды облыстарында 10 газ желісі ұйымына қатыс­ты тек­серу жүргізіп жатыр. Бұ­дан басқа, өңірлік бөлім­ше­лер көлемдерді бөлу кезінде әкім­дік­­тердің іс-әрекеттеріне шағым­дарды жыл сайын қарайды.