Қазақстан Халық партиясының өкілдері еліміздің түкпір-түкпірінде партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар ең алдымен еліміздегі денсаулық сақтау, еңбек адамының құқығын қорғау, қолжетімді баспана, тегін әрі сапалы білім беру мәселелерін қамтып отыр.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылған іс-шарада ҚХП балалардың денсаулығына немқұрайды қарамауға шақырады.
Нұр-Сұлтан қаласында аталған партияның атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Олжас Сыздықов пен Ислам Сұңқар ерекше балаларға арналған «Спина бифида» қорының басшыларымен, ата-аналармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ата-аналар арқа бифида ауруы, медициналық қызмет көрсету сапасы және әлеуметтік кепілдікке қатысты мәселелерді көтерді. Диалог кезінде Қазақстан Халық партиясының сайлауалды платформасы ұсынылды. Онда Қазақстанның әрбір азаматын қолжетімді және сапалы медицинамен қамтамасыз етуге басымдық берілген.
ҚХП өкілдері беделді кәсіподақтар жұмысшыларды қорғауы керек екенін айтуда. Жуырда Атырау қаласындағы Кәсіподақтар үйінің кіші залында Қазақстан Халық партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, мұнай-газ секторының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында жұмысшылардың құқығын шынайы қорғайтын тәуелсіз кәсіподақтарды қолдау бастамасы түсіндірілді. Кәсіподақтар ел азаматтарының құқықтарын қорғап, еңбек дауларын әділ шешуі керек.
ҚХП қолжетімді баспаналардың жастарға қолжетімсіздігін айтуда. Осыған байланысты, Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалында «Жастарға арналған қолжетімді баспана» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараны ҚХП Астана қалалық комитетінің Жастар қанаты ұйымдастырды. Партия мүшелерінің айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары баршылық. Алайда жастарға қолжетімді баспана жоқ.
ҚХП тегін әрі сапалы білімді қолдап отыр. Мәселен, Қазақстан Халық партиясы өткізген «Мен тегін білімді қолдаймын!» интернет-акциясы қоғамда дүмпу тудырды. Парламент Мәжілісінің депутаты, партия төрағасы Айқын Қоңыров: «...Білім беру мемлекеттің жүйеқұраушы институты болып табылады. Мұнайдың дәуірі өтіп барады. Адам капиталы бірінші орынға шыға бастады. Сапалы әрі қолжетімді білімге инвестиция тарту – болашаққа құйылған инвестиция», деді.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар