«QazAvtoJol» ұлттық компаниясынан мәлім еткендей, Үшарал-Достық жолының 83-184 шақырым аралығы (Көктума-Достық) мен Өскемен-Семей жолының 10-198 шақырым аралығы (Герасимовка-Семей) жабылды. Республика бойынша жолда қар күреуге 260 арнайы техника жұмылдырылған. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты ұстану қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді», делінген ақпаратта.