Экономика • 20 Желтоқсан, 2020

Ақмола облысында тау-кен металлургия кешенін жобалау жұмысы бастады

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

RG Gold компаниясы Ақмола облысында тау-кен металлургия кешенін жобалауды бастады. Жобаны жүзеге асыру үшін өнеркәсіптік объектілерді жобалау мен салуда көшбасшы - қазақстандық AAEngineering Group компаниясы тартылды. Инвестициялардың жиынтық көлемі 160 млрд теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz ҚР ИИДМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысында тау-кен металлургия кешенін жобалау жұмысы бастады

Жаңа фабриканың қуаттылығы жылына 5 млн тонна бастапқы кенді құрайды. Жазда жерге қатысты барлық дайындық жұмыстары жүргізілді. Құрылыс 2022 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады.

Айта кету керек, 2014 жылдан бастап геологиялық барлау жұмыстарына 7 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылды. Геологиялық барлау нәтижелері бойынша бағалы металдың қоры 100 тоннаны құрады, ал ресурстар JORC халықаралық жіктемесі бойынша 185 тоннаға бағаланды. Райгородок кен орнының әлеуеті әлі толық зерттелген жоқ. Геологиялық барлау жұмыстары және оларға инвестиция салу жалғасуда.

"Жаңа фабрика 1 100-ден астам қазақстандықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал мемлекеттік бюджетке жиынтық салық аударымдары жылына 20 млрд теңгені құрайды. Компания жыл сайын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымын жақсартуға 100 миллионнан астам теңге бөледі. Мысалы, күрделі жөндеу жүргізіліп, жақын маңдағы ауылдардағы мектептер жарақтандырылды, аудан тұрғындары үшін жаңа ұңғыма бұрғыланды, Щучье аудан орталығы мен Дмитриевка ауылы арасындағы автожолдарға жөндеу жүргізілді", деп толықтырды RG Gold бас директоры Лоуренс Россоу.

99

RG Gold өзінің қызметінде корпоративтік басқарудың, экологиялық және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары талаптарын ұстанады. Кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органдармен және сыртқы аудиторлармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ тоқсан сайынғы негізде атмосфералық ауаны, су ресурстарын, топырақты және радиациялық фонды зерттеуді қамтитын қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Экологиялық мониторинг нәтижелері компания сайтында жарияланады. Барлық қызметкерлер тренингтерден өтеді және қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті емтихандарды тапсыруға міндетті.

Фабриканы жобалау мен салудың барлық кезеңінде Ақмола облысы тұрғындарының, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің және экобелсенділердің қатысуымен жеті қоғамдық тыңдау өткізілді, желтоқсан айының соңында тағы біреуі өтеді. Қоғамдық тыңдаулардың барлық хаттамалары Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтында жарияланады.