Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлерімен және арнайы құрылған мобильді топпен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша барлығы 1 206 құқық бұзушылық анықталды.
– Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар – 262;
– Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 60;
– Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 195;
– Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 372;
– Демалыс аймағы – 2;
– Басқада орындарда – 315;
– Көпшілік орында бетпердесіз жүргені үшін – 312.
Карантин режимін бұзу фактілеріне сараптама жүргізу барысында, төмендегі нысандар бірнеше рет құқық бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Барлық іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.