Оқиға кеше 19 желтоқсан күні күндізгі сағат 13:00-дер шамасында Көксу ауданының Мұқыры ауылында болған. Көксу ауданының әкімдігі оқыс оқиғаны растады.
«Бүгінгі күні сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын-ала болжам бойынша қыз бала басынан жарақат алған», деді аталған ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі. Оқиға орнында көз жұмған бала Талдықорған қаласының тұрғыны. Ол сырғанаққа анасымен бірге келген екен.
«Қайғылы жағдай болған жер жеке шаруашылыққа тиесілі. Бұл аумақта сырғанақ тебуге рұқсат етілмеген. Әкімдік тарапынан тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп толықтырды А.Айманбекова,