Спорт • 21 Желтоқсан, 2020

Нұр-Сұлтан саябағында жүгіруден жарыс өтеді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 желтоқсанда елордадағы Триатлон паркте «Вирусқа спортпен соққы береміз» атты жеке жүгіруден жарыс өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан саябағында жүгіруден жарыс өтеді

Белгіленген маршрут бойынша жүгіру барлық жас санаты үшін бірдей – 10 км. Әр қатысушы жеке өз стартымен жүгіреді. Уақыт аралығы – кем дегенде 30 секунд.

«50-59 және 60+ жас тобындағы қатысушы ерлер мен әйелдер жарысты таңғы 07:00-ден, 40-49 жастағылар таңғы 08:30-дан, 30-39 жас аралығындағылар 10:00-ден, 18-29 жастағы қатысушылар таңғы 11:00-ден бастайды. Топ боп жүгіруге тыйым салынады. Ең аз ара қашықтық – 5 метр. Қатысушылар саны шектеулі, ең көбі – 300 адам», делінген хабарламада.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 28-30 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қалалық Триатлон федерациясы (Қабанбай батыр 41А мекенжайы бойынша) кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін онлайн өтеді.

Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, Нұр-Сұлтан қаласының «Триатлон федерациясы» ҚБ, «Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ, «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырып жатыр.

Барлық сұрақтар бойынша 8 777 555 5707 нөміріне хабарласуға болады.