05 Желтоқсан, 2013

Қостанайдың №2 соты пара алған бұрынғы судьялардың ісіне нүкте қояды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06 12-SotҚостанай облысындағы қалалық №2 соты жақын арада пара алды деп күдік келтірілген өз әріптестеріне қатысты үкім шығарады. Бұл туралы «Наша газета» газеті хабарлады.

Естеріңізде болса, биылғы жылдың ақпан айында облыстық ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері қалалық соттың бұрынғы төрағасы Самалбек Мұхтаров пен кезінде сонда судья болып қызмет атқарған Серік Қашқынбаевты қолға түсірген болатын. Сонда екі сот қызметкерінің пара алғаны белгілі болып еді. Іле С. Мұхтаровқа байланысты тағы бір келеңсіздіктің беті ашылды. Осыған орай, оларды қызметтерінен босату туралы шешім де қабылданды.

С.Қашқынбаевқа қатысты іс 9 желтоқсанда, ал С. Мұхтаровқа байланысты 10 желтоқсанда қаралатын болып ұйғарылды.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Наша газета»

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 08:00

Суретшілер шашуы

Көрме • Бүгін, 07:55