Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Қауіпті індет қайта өрши бастады

735 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жаһанды жайлаған коронавирус індетінен сақтану әуелі әрбір адамның жеке жауапкершілігіне байланысты. Бұл орайда, дәрігерлердің жүгі ауыр. Соңғы кезде Жамбыл облысында коронавирус індетінің үдей түскені байқалуда. Әсіресе, облыс орталығы Тараз қаласында және Шу, Қордай, Меркі аудандарында қауіпті індеттің өршігені анықталды.

Қауіпті індет қайта өрши бастады

Қабылданған жедел шара­ларға қарамастан облыс аума­ғында коронавирустың 4 532 жағдайы тіркеліп отыр. Алайда инфекциялық стационардан 4 232 азамат сауығып шыққан болса, өкінішке қарай 61 науқас қай­тыс болған. Ең бірінші кезекте адамның өмірі аса құнды екенін ескерсек, бұл аз шығын емес. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, бір аптаның ішінде өңірде коронавирус індетін жұқтырудың 110 дерегі анықталыпты.

«Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясына полимеразды тізбекті реакция жүр­гізу арқылы тестілеу 9 зертхана­да өткізіледі. Жалпы, облыс бойынша тәуліктік қуат 2 740-ты құрап отыр. Сонымен қатар инфек­цияға полимеразды тізбекті реакция жүргізу арқылы тестілеудің көлемін ұл­ғайту мақсатында облыстағы емдеу, алдын алу ұйымдарында аптасына 9 мың тестілеу өткізу тапсырылды», дейді ол. Еліміздегі «Қызыл аймаққа» енген бірқатар облыс және қалалардағы ахуал бү­гінде тұрақталып келеді. Бұл мә­селе бойынша да тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілген. Алайда Жамбыл облысында төтенше жағдай режімі тоқтатылғаннан кейін, барлық карантин шаралары босаңсып кеткен. Шынында да қазір қала көшелерінен ме­дициналық бетперде тағып жүрген адамдарды кездестіру қиын. Бұдан бөлек, адамдар көп шоғырланатын мейрамхана сияқты қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктердің жұмысы тағы бар. Салдарынан облыс орталығы мен бірқатар ауданда қайтадан індет өрши бастады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та бұл ретте мониторингтік топ­тардың жұмысының өте нашар екенін, тәртіпке бағынбағандарға қатаң жаза қолдану қажеттігін, қоғамдық көліктердің жұмысын да бақылауға алу керегін айтқан болатын. Шынында да, қазір қала ішінде жүріп жатқан қоғамдық көліктердің жұмысына реттілік керек болып тұр. Мәселен, жиырма орындық көлік болса, оған отыз, қырық шақты адам мініп алады. Бұл да қауіпті індеттің қайта өршуіне әкеліп соғуы мүм­­кін жағдайлар. Сонымен қа­тар өңірде соңғы айларда де­зин­фекция жұмыстары мүл­дем ұмытылған. Жауапты мекеме бас­шыларының сөзіне сенсек, бәрі де сақадай-сай, кере­мет. Бірақ нақты іс жүзінде олай болмай отыр. Тапсырма берілгенімен, оның орындалуы ойдағыдай емес.

Бірқатар аудандармен қа­тар, Тараз қаласында да қа­уіп­­ті індеттің қайта өрши бас­тағанын айттық. Бұл күнде облыс орталығының өзінде 300 мыңнан астам халық бар. Жуыр­да ғана Тараз қаласының әкімдігі шаһардағы қоғамдық орындарға рейд жүргізіп, індет жұқтыруы мүмкін бірқатар жағ­­дайды анық­тады. Мәселен, «Дәмдес» супер­маркеті сияқты ірі сауда орындары мен өзге де дүкендердегі, «DISKOVERY», «Изюм» дәмді палау» сынды бірқатар тамақтану орын­дарында да даяшылардың келу­шілерге карантин талаптарын сақтамай қызмет көрсеткені анықталған. Келушілер де бұл талаптарды сақтамаған. Бұл ретте Тараз қаласының бас мем­ле­кеттік санитарлық дәрігері Рита Алтынбасованың айтуынша, жыл басынан бері қалада 1 990 адам індет жұқтырған. Соң­ғы кезде жағдай біршама тұрақталғанымен, қараша айынан бастап індет жұқтыру дерегі қайта өршіген. Коронавирус салдарынан соңғы екі аптаның өзінде Тараз қаласында 11 адам қайтыс болған. Сондықтан да жағдай күрделі болып тұр.

Енді жергілікті тұрғын­дардың көкейінде облыстағы карантин талаптары қайтадан күшейтіле ме деген сауалдың бар екені анық. Екі адамның басы қосылған жерде де осы мәселе талқыға түседі. Де­ген­мен, бір аптаның ішінде өңірде эпидемиялық жағдай тұрақ­талмаса, шектеу шаралары қай­тадан күшейтілетін болады.

 

Жамбыл облысы