Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Алтай Көлгінов өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырды

89 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов аудан әкімдіктері мен ТЖД қызметкерлеріне газ баллондар мен пештерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Алтай Көлгінов өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырды

«Өрт қауіпсіздігі ережелерінің назардан тыс қалуы - басқа адамның денсаулығы мен өміріне кесірін тигізбеуі керек. Кәсіпкерлер де, жеке сектор тұрғындары да басқаларға қатер төндірмеуді ойлауы керек. Әсіресе мереке күндері кезінде өрт қауіпсіздігіне байланысты шақыртулар саны көбейеді.

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында мамандар 16,5 мың үйді, соның ішінде - жекеменшік секторларды аралады. Нысандарды газ баллонын пайдалану жөнінде жоспардан тыс тексеру бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Бір ай ішінде мамандар 165 нысанды тексерді. Кәсіпкерлік нысандардың иелеріне газ баллонын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік инструктажы жүргізілді. 

Аудан әкімдіктері мен ТЖД қызметкерлеріне газ баллондар мен пештерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым. 

Бұдан бөлек, кездесулерде елордалық ТЖД-ның материалдық-техникалық жабдықтарының әлеуеті талқыланды. Күздің орта тұсында Байқоңыр ауданында өрт сөндіретін депоның ашылуы болды. Төрт қабатты ғимаратта құтқарушыларға арналған пәтерлер мен бөлмелер қарастырылған. Олардың санаты да Қазақстандық ипотекалық компания бағдарламасы бойынша әлеуметтік пәтер алатындар қатарына енгізілді. 10 арнайы техника берілді. 

2021 жылы қосымша 50 арнайы көлік беріледі. Сонымен қатар тағы 3 жаңа депоның жобалық жұмысы жүргізілуде, оның екеуі - елорданың тұрғын алаптарында орналасады. Әрі қарай да - адам өмірін құтқаратын өрт сөндірушілердің еңбек шартын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз!», деп жазды Алтай Көлгінов.