Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Павлодарда сервистік кәсіпорын кран құрастырып шықты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда еуразиялық топ құрамындағы «ERG Service» компаниясы өндірістік крандар қатарын толықтырып, жаңадан қайта тиеу кранын құрастырып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

Павлодарда сервистік кәсіпорын кран құрастырып шықты

Жобаның инжинирингін неміс компаниясы әзірлеген. Осылайша сервистік компания Рудный ЖЭО-ға металл құрылымдары мен жүк көтеруші жабдықтардың механикалық тораптарын жеткізе бастады. Бұл Павлодардың машина құрастырушылары үшін жаңа тәжірибе болып отыр.

Бұл – елімізде құрастырылған ең үлкен кран. Биіктігі 30, ұзындығы 107 метр. Бір мезетте 32 тонналық жүкті көтеріп, 60 метр жерге жеткізе алады. Отандық машина құрастырушылар осы тектес жұмысты бұрын-соңды қолға алмаған.

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50