Қоғам • 22 Желтоқсан, 2020

Ақтау әуежайында Қырғызстан азаматы депортацияланды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Қырғызстан азаматы депортацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтау әуежайында Қырғызстан азаматы депортацияланды

2020 жылғы 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Индонезия, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 7 халықаралық әуе рейсі келді.

799 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 721 адам, анықтамасыз 78 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 2 рейс, 323 жолаушы, анықтамамен - 297, анықтамасыз - 26;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 187 жолаушы, анықтамамен - 174; анықтамасыз - 13;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен - 116; анықтамасыз - 34;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 133; анықтамасыз - 5;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен болды.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.

2020 жылдың 20 желтоқсанында анықтамасыз келген 363 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Қырғыстан азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Ақтау қаласының әуежайынан депортацияланды.