«Науқастардың арасында Атырау қаласының 21 тұрғыны бар. Теңіз кенішінде 30 жұмысшы қауіпті індетті жұқтырды. Сондай-ақ, Қызылқоға ауданында – 3, Индер ауданында – 4, Құрманғазы ауданында – 3, Исатай ауданында 1 адам Сovid-19 инфекциясына шалдықты. Коронавирустың симптомды белгісі 17 науқаста белгілі болды» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті індетке шалдыққандардың арасынан үй жағдайында ем-дом алып жатқандардың саны 254 адамды құрап отыр. Облыстық инфекциялық стационарда 84, аудандардағы стационарларда 16 пациент емделіп жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 364 науқас жатқызылған.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 13 адам емделіп шықты.