Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2020

Оралдағы түзету мекемесінде жастардың некесі қиылды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда екі жастың некесі түзету мекемесінде қиылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралдағы түзету мекемесінде жастардың некесі қиылды

Неке қию рәсімі Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ-170/3 мекемесінде өтті. Жазасын өтеп жатқан күйеу жігіт қалыңдығының түзету мекемесі қабырғасында некелерін қиюға келісім бергеніне ерекше қуанышты. Ол енді сүйгенінің сенімін ақтап, мерзімінен бұрын босап шығу үшін тәртіпке баса мән бермекші.

РУ-170/3 мекемесінің бастығы Ертай Шәкенов жас жұбайларды өмірлеріндегі аса маңызды оқиғамен құттықтап, алдағы уақытта жарасымды ғұмыр кешулеріне тілектестігін білдірді.

«Неке қию – жаңа өмірдің бастамасы, жас отбасының негізі қаланды. Болашақта еркіндікке шыққаннан кейін зайыбы ерін қолдап, қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі, сәбилі болып, бақытқа бөленеді деп сенеміз», деді Е.Шәкенов.