НЬЮ-ЙОРК . Еуропалық комиссия таяуда цифрлы экономикаға қатысты негізгі ережелерді таныстырып, тағы бір жаһандық стандартты іске қосты. Үлкен технологиялардың ықпалын азайтуға арналған Цифрлы қызмет акті (DSA) және Цифрлы нарық акті (DMA) Apple, Amazon, Facebook, Google және басқа да АҚШ-та орналасқан үлкен компаниялардың бизнеске ықпалын төмендетуге ұмтылады. Еуропалық одақ аталған компанияларды интернеттің күзетшілері ретінде белгілеп, олардың нарықты жаулап алған билігінің әсерін бақылауға алуды көздейді.

Жаңа ережелер АҚШ-тың технологиялық алпауыттарынан миллиардтаған доллар айыппұл өндіріп алу және олардың іскерлік тәжірибелеріне өзгерістер енгізу үшін бірнеше рет қолданылған ЕО-ның монополияға қарсы органын толықтырады. Мысалы, DMA шеңберінде «өзін таңдау» секілді тәжірибелер «қара тізімге» енбек. ЕО бәсекелестікке зиян келтіргені үшін монополияға қарсы шағымданбаса да, заңсыз деп саналады.
Өз кезегінде DSA үлкен технологиялық компанияларға алгоритмдерін ашып көрсетуді немесе интернеттегі заңсыз яки зиянды мәліметті, соның ішінде жек көру сөздері мен жалған ақпараттары бар контентті жоюды міндеттейді. Бұл қадам Еуропада да, одан тыс жерлерде де цифрлы экономиканы айтарлықтай бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Осылайша, үлкен технологиялық компанияларға түсетін салмақ ауырлайды. Өйткені Еуропалық одақ заңнамаларының жаһандық ықпалы бар. Бұл – «Брюссель әсері» деп аталатын феномен. ЕО әлемдегі ең үлкен тұтынушы нарығының бірі болғандықтан, көптеген трансұлттық корпорация оны нарыққа кіруге төлем ретінде қабылдап, одақтың бизнеске қойған ережелерін қабылдайды. Әлемдегі бірнеше бақылау режімдеріне қаржы құймас үшін, аталған компаниялар Еуропалық одақтың ережесін жаһандық мақсатта қолданады. Сондықтан ЕО-ға кірмейтін елдердің көптеген компаниясы одақтың Жалпы деректерді қорғау заңнамасын (GDPR) бүкіл қызметіне пайдаланады.
Технологиялық компаниялардың басшыларына және ЕО-ның заңнамасын сынайтындардың қарсы әрекетіне таңғалудың реті жоқ. Олардың пайымдауынша, одақ қадағалауда асыра сілтеп, протекционистік саясат ұстанып отыр. Бірақ Еуропалық одақ АҚШ-тың табысты технологиялық компанияларының коммерциялық еркіндігіне әділетсіз түрде нұқсан келтірмейді. Сондай-ақ АҚШ бақылаушыларына кедергі келтіріп отырған жоқ. Егер ЕО ережелері АҚШ-тың ірі компаниялары үшін қымбатқа түссе де, америкалық көптеген ұсақ фирмалар одан пайда көреді. Жылдар бойы АҚШ-тың шағын компаниялары алпауыттарға қарсы тұру үшін елінің үкіметіне емес, ЕО-ға сенім артуға мәжбүр.
Сол сияқты, ЕО ережелері ғаламдық деңгейге жетуінің әсерінен америкалық интернет қолданушылары да пайда көрді. Олар жеке құпияны күшейтіп, интернеттегі жеккөрінішті сөздердің азайғанын қолдайды.
АҚШ-тың бұл салада әрекет етпеуі ЕО-ның бақылаушы ретінде көтерілуіне жол ашты. Реттеуді және техно-либертарианизмді цифрлы экономиканы басқарудың тәсілі ретінде қабылдаған АҚШ ұзақ уақыттан бері ЕО-ның жаһандық нарыққа қатысты ережелерін белгілеуге сырттан қарауға мәжбүр. Мұндай бақылау Халықаралық қатынастар мен реттеу ынтымақтастығынан бас тартқан Трамп әкімшілігінің оқшаулануын күшейтті. Осылайша, аталған саладағы Еуропаның ықпалы артты.
Бірақ АҚШ-тағы жағдай өзгеруі мүмкін. Заң шығарушылар мен сот орындаушылары Big Tech-тің шектен шығуы туралы сөз қозғай бастады. Жыл басында Өкілдер палатасы сот комитеті цифрлы нарықтағы бәсекелестік туралы есеп жариялады. Бұл құжат осы салаға өзгеріс қажет екенін көрсетіп, АҚШ-тағы монополияға қарсы заңдарын жандандыруға қатысты пікірталасқа мұрындық болды.
Сонымен қатар АҚШ-тың әділет министрлігі Google-дің монополиялық тәжірибелеріне қарсылық танытты. Федералды сауда комиссиясы, АҚШ-тың 46 штаты, Вашингтон, Гуам заңсыз монополияға жол ашқаны үшін Facebook-ті сотқа берді. АҚШ-та прогрессивті монополияға революцияның басталғаны ма, әлде Конгресте жабулы күйінде қала ма? Бәлкім, монополияға қарсы заңның шектеулі рөліне дағдыланған консервативті бағыттағы соттардың алдында тоқтай ма? Ол жағы әзірге белгісіз.
Қалай дегенмен, АҚШ технологиялық компанияларға қатысты ұстанымын өзгерткені дұрыс. Ел билігі компаниялардың ережесін қабылдауды доғарып, өзінің ережесін орындатқызуы керек. Әсіресе федералдық құпия туралы заңнан бастағаны жөн. Оны Microsoft, Facebook және Apple секілді алпауыт компаниялар қолдады.
Құпиялылық туралы заңды күшейту АҚШ-қа Еуропалық одаққа мәлімет жіберуді қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. АҚШ-та жеке мәліметті қорғау туралы заң әлсіз болғандықтан, Еуропалық сот шешімімен мәлімет жіберу тоқтатылған еді. Сондай-ақ АҚШ азаматтарының жеке деректерін Қытай үкіметінің қадағалауына қатысты мәселені де оңтайлы шеше алады. Трамп әкімшілігінің қытайлықтарға тиесілі TikTok әлеуметтік медиа платформасына АҚШ нарығында тыйым салу жөніндегі шешімі америкалықтардың жеке деректерін қорғауға арналған ережелерді алмастыра алмайды.
Қытайдың осы салада әлемдік ықпалы артып келе жатқандықтан, АҚШ-тың интернет саласын бақылаудағы басшылыққа ие болуы маңызды. Коммунистік партияға қатысы бар қытайлық компаниялар әлемнің түкпір-түкпіріне өзекті технологиялық инфрақұрылым жеткізумен айналысады. Сондай-ақ Қытай бірқатар елге жасанды интеллект арқылы бақылау жасау технологиясын жеткізіп беруге құмартып отыр.
Қытайдың интернеттегі ықпалын арттыру ниетін ескерсек, АҚШ Еуропалық одақпен тығыз қарым-қатынас орнатып, технологиялық компаниялар мен цифрлы экономиканы бақылауда тізе қосып жұмыс істеуі керек. Монополияға қарсы, қауіпсіздік, салық мәселелеріндегі пікірталасты шешуге болады. Бастысы, негізгі басымдық трансатланттық мәселеге арналуға тиіс.
АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байден әкімшілігі Еуропалық одақтың цифрлы экономикаға қатысты көзқарасына қарсы күресудің орнына, осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуі керек. Ең маңыздысы, Атлант мұхитының екі жағындағы тұрғындар либералды демократияға негізделген, жеке құпиясы сақталатын интернетті қажет етеді.
Ану БРЭДФОРД,
Колумбия заң мектебінің Заң және халықаралық ұйым жөніндегі профессоры, «Брюссель әсері:
Еуропалық одақ әлемді қалай басқарады?» кітабының авторы
Copyright: Project Syndicate, 2020.
www.project-syndicate.org
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар