07 Желтоқсан, 2013

Қазаққа керекті қалт жібермейді

290 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

01-Камал ОРМАНТАЕВ-1Еліміз тәуелсіздік алған жылдарда жұлдызы жоғары болып, жарқырап көрінген басылымдардың бірегей дарабозы «Егемен Қазақстан» газеті дер едім. Өз басыма, әсіресе, газеттің басты байлық – денсаулық мәселелеріне баса көңіл бөліп, жүйелі жазатыны ұнайды. Мұнда ұлт денсаулығының түйткілді жайларын кеңінен толғаған мақала-сұхбаттарды оқыған сайын қуанып қаламын. Бір айтарлығы, газет журналистерінің медицина мәселелерін, денсаулық сақтау ісін жазуда мол тәжірибе жинағандығы, тақырыпты жете зерделейтіні, саланы білетіндігі тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Саламатты өмір сал­тының, ауыл-аудандардағы емдеу сапасының көптеген проблемалары да өткір айтылып жатады. Өзім дәрігер, өмір бойы адам жанының арашашысы болып келе жатқандықтан, елдің бас басылымының өз саламызды дәйім назарда ұстауын жақсы нышанға балаймын.

«Егемен» толғайтын елдік мәселелеріне елеңдемей тұра алмаймын. Елбасының салиқалы саясатын халыққа жеткізуді басты мұрат санайтын басылымның әр жағдайдағы байыптылығы, ұстамдылығы тәнті етеді. Сонымен бірге, қажет жерінде батылдық та таныта біледі. Руханият, тарих, тіл мен діл орайындағы газеттің ұстанымы әркез көпшіліктің, қалың оқырманның көңілінен шығып келе жатқаны анық. Газеттің мен байқаған артықшылықтарының бірі сол, қазаққа керектіні әсте де қалт жі­бермейді. Тәуелсіз Қазақ­стан­ның табыстарына, Қазақ елінің әлемдік абыройына риясыз қуанады. Сондықтан, мен оны өз миссиясы мен парызына сергек, Алаш мұратына барынша адал басылым деп есептеймін.

Баз біреулер билік пен халықтың арасына жік қоя сөйлеп, содан ұпай жинайтын сыңайлы. Ал Отанымыздың бас газетіне олай жіктеу жат. Біздің елімізде билік пен халық біртұтас. Елдегі береке-бірлік пен тыныштық соның айғағы. Осы ақиқатты одан әрі айғақтай түсетін парасатты елдік сөзін «Егемен Қазақстан» газетінің айтуы да жарасымды. Бұл ретте бас газетке тікелей өзімнің де айтатын алғыс-рахметім мол. Белді журналист Сүлеймен Мәметке берген сұхбатымда айтқан өзіндік ой-пікірлерімді жонбай-қырмай жариялады. Орайымен мақалаларымды басып тұрады. Ой-пікір еркіндігін құрметтейді. Соған орай заңды түрде заманның заңғар басылымына айналған газетті зиялы қауым өкілі, біз де құрметтейміз.

Камал ОРМАНТАЕВ,

Ұлттық ғылым академиясының академигі.

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар