07 Желтоқсан, 2013

Өнеге өрнектері

385 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай мұрасы мен әлемдік тәжірибенің озық үлгісін бір арнада тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндегі және әлемдік ахуалдармен санаса отырып, ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдаған бағытын табандылықпен жүзеге асыру – Мемлекет басшысының басты қасиеті.

0027 B030 L003 0826V7 000034 copy

 

0027 B030 L003 0826V7 000034 copy

0058 C004 C001 1017PJ 000066 copy

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай мұрасы мен әлемдік тәжірибенің озық үлгісін бір арнада тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндегі және әлемдік ахуалдармен санаса отырып, ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдаған бағытын табандылықпен жүзеге асыру – Мемлекет басшысының басты қасиеті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік маңызы бар көптеген іс-шаралар атқарылды. Қазақ елінің еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылған екен.

Елбасымыз «Қазақфильмге» келген сапарында қазақ киносы жастарымызды отансүйгіштікке, ұлтты сүюге тәрбиелеуі керек дегенді қадап айтып еді. Келешек түсірілетін қазақ киносының да өн бойында ұлттық рух, патриотизм болуы шарт. Сонда ғана, біз кино арқылы өзімізді өзіміз тәрбиелей аламыз. Қазақты ұлт ретінде сақтаудың да алғышарты қазақ киносында жатыр.

«Елбасы жолы» фильмдер циклы – жастарымызды Мемлекет басшысы айт­қан дәл сондай еңбексүйгіштікке, ұлт­ты сүюге, шыншылдыққа баулитын дү­ние.

Бұл – ұлттық кино тарихындағы тұңғыш өндірістік фильм!

Кино түсіруде командалық рух керек. «Отты өзен» және «Темір тау» фильмдерін тамашалай отырып, түйгенім, «Қазақфильмнің» «Елбасы жолы» атты киноэпопеясы еліміздің киносын жаңа кинотехнологиямен байытқан, кино саласының жаңа қырларын ашқан, озық киножоба болып отыр.

«Елбасы жолы» фильмдер циклы – елдік, халықтық, ұлттық киножоба. Ұлтымыздың асыл мұрасына, рухани қазынасына айналатын киноэпопея. Бұл туынды Қазақстан деген мемлекеттің азаматы атанып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды сарабдал саясаткер, көреген басшы басқарған мемлекетке қызмет етуге ынталандырады. Болашағына сеніммен қадам басқан қазақ баласының – күрес пен шындық, әділдік пен намыс, білім мен жігер жолындағы ізденістері бозбала шағынан бүгінге дейін әлі де бір сәтке тоқтаған емес. Адам көшбасшы болып тумайды, адам еңбегімен, талант-дарынымен көшбасшыға айналады. Немересінің үлкен азамат болып қалыптасуына еңбегі сіңген, үміті ақталған Мырзабала әженің тәрбиесі, әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның ұлылыққа толы әңгімесі өсірген Сұлтанның балалық шағы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрермендердің көзқуанышына айналған еді. Енді, сол қуаныштан кейінгі тағы бір сүйінші – «Елбасы жолы» киноэпопеясының екінші және үшінші фильмдері дүниеге келді. Сценарий авторы – Шаһимардан Құсайынов пен Рүстем Әбдірашев. Сценарий Елбасымыздың жарық көрген кітаптарының желісі бо­йынша жазылған. Металлургиялық комбинат жетекшілері ұсынған фотосуреттер желісі де негізге алынған. Түсірілім дәл осы комбинат орналасқан Қарағанды облысы, Теміртау қаласында жүргізілген. Оқиға 1950-жылдардың аяғы мен 1960-жылдар кезеңін қамтиды. Тарихқа жүгінсек, Елбасымыз еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өткен. Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарған, Карметкомбинаттың партком хатшысы дәрежесіне дейін көтерілген. Ресей, Украина, Эстония, Хельсинки қалаларындағы жиналыс­та металлургтер атынан сөз сөйлеп, ма­ңызды шараларға қатысқан. Бұл ша­ралардың бірі де шектелмей, эпизодтар фильмде нық көрініс тапқан. 60-жылдарды уақыт қайта алдыңа әкел­гендей, шынайы оқиға ізімен жүріп, романтикалық әсерге бөленесің. Адамгершілік, достық пен адал махаббат сезімдері де тебірентеді. Кеңестік кезең декорациясы, афишалар мен анонстар, актерлердің киім үлгілері мен көше қиылысындағы ескі бағдаршамдар да шынайы. Ресей актерлері Виктор Сухоруков, Сергей Шакуров ойындары бір төбе. Сұлтанның аңғал, адал досы Би­коштың көрерменді күлдіріп алатын қылықтары көп. Бикош пен Сұлтан ара­сындағы достық байланыс Сұлтанның бейнесін ашудағы штрихтардың бірі. Қазақ азаматының адалдығы, мүгедектер мен үйсіздердің мәселесін шешуге деген ұмтылысы, металлургтер басындағы қиындықтардың жібін тарқатуға деген талпынысы жаныңды тербейді. Ал, Сұлтан мен Сараның танысуы, шаңырақ көтеруі, Дариғаның дүниеге келуі – бәрі де бақыттың ұшқынын себеді. Мәдина Есманова, Нұрлан Әлімжан, Наталья Орынбасарова, Дәурен Серғазин сынды басты рөлдегі актерлер ойыны шынайы, кейіпкердің болмысына сай нанымды берілген.

Әр мамандықтың өзіндік қиындығы бар. Ауыр жолды өзіне бағындыра білген үлкен адамның өмірін сахналау, образын сомдау, өткенін өрнектеу үлкен дайындық, үлкен ізденіс пен білімді қажет етері хақ. Киногерлер бұл орайда қолпаштауға, құттықтауға лайық. «Болашақта кім болғың келеді?» деген сұрағыма бауырым: «Президентіміздей ұлтқа қызмет ететін тұлға боламын! Нұрсұлтан атамдай боламын!» дейді. Ләйім солай болсын! Онда, арман болашағын биіктен көретін барша жастарға жігер мен тәлім берер, ұзақ жолдың басын көрсетер, үлгі мен өнегесі, көшбасшылық жолдың құпиясын ашар «Елбасы жолы» атты киноэпопеяның фильмдерін көру керек...

Бір кездері, кино өнерінің майталман­дары­ның бірі Мәжит Бегалин: «Мен фильмді өзімнің қазақ көрермендерім үшін түсіремін. Ең әуелі менің фильмімді өз елім қабылдауы керек. Содан кейін өзге елдер мойындасын», деген пікір айтыпты. Сондықтан, өнердің сан-салалы міндетінің негізгісі – ұлт қасиетін паш ету болса, сол міндетті толық ақтаған өнер туындысы – «Елбасы жолы» киноэпопеясы. Мен осы киноэпопеяда Елбасының әкесі Әбіш рөлін ойнағаным, жұмысым Нұрсұлтан Әбішұлының көңілінен шыққаны үшін өзімді бақытты сезінемін. Бұл – қазақтың дастаны! Қазақ киносындағы ғана емес, ұлт өміріндегі рухани зор құбылыс! Мемлекетшіл сананың қалыптасу көрінісі, үлгісі, өнегесі. Елге қызмет етудің әліппесі. Елбасының жастарға айтқан ақылы, берген тәлім-тәрбиесі. Кеңес Одағы идеологиясы аясында тәуелсіздік идеясының жаралу, туу тарихы! Қазақ көрермені көптен күткен ұлтқа аса қажет туынды! Бұл – ұлттық өнердің биік шыңына ту тіккен туынды. Бұл – өте талантты режиссердің еңбегі! Көрермендерін елең еткізген аталмыш жоба сынды жанға ләззат беретін, һәм ұлтың үшін кеуде кере мақтана алатын, рухы күшті, ойы терең, ғажап кинофильмдер көп бола бергей!

Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ,

актер.

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар