07 Желтоқсан, 2013

Домбыраны өзге халық өз тіліне аударар болса, біз оған қалай қарар едік?

356 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стр­атегиясы – қалыптасқан мем­ле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мә­селесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында ше­шіл­меуге тиіс. Үкімет мұны рет­тегені жөн. Бүкіл әлемде бірдей қабылданған терминдер бар. Олар кез келген тілді байытады», деген болатын.

Салалық, ғылыми-техникалық терминдердің әр жерде әртүрлі жазылуынан, әртүрлі аударылып, әртүрлі қолданылуынан бір ведомство екіншісін ұқпайтын дә­режеге келіп қалдық. Бүгінде қа­зақ тілінде қолданылатын ха­лық­­аралық терминдердің саны 100 мың­нан асады екен. Бірақ со­ның 3%-ы ғана ресми түрде бекі­ті­ліпті.

Орыс тілінен не шетел тіл­дерінен біздің ана тілімізге енген терминдердің өзіндік тарихы бар. Не сол сөзді бірінші қолданған оқымыстының аты беріледі. Мысалға: фортепьяно деген сөзді алайық. «Пьяно» деген сөзді италиялықтар бірінші қолданған. «Көп ішекті соқпалы аспап» деген мағына береді екен. Енді соны «күйсандық» деп алып жүргеніміз қалай? Дүниежүзінің халқы passport деп қолданатын сөзді «төлқұжат» дейміз, ал құжатымыздың сыртында «паспорт» деп жазылып тұр. «Процент» деген сөз ше?! Әлемде procentum деп жазылып, процент деп айтылып келеді. Санның жүзден бір бөлігі деген мағынаны автоматты түрде кез келген тілде ұқтырады. Дүниежүзінің математиктері мен экономистері қолданады. Соны «пайыз» деп алып керегі не?

Егер біз қазақ тілін тез үйрет­­кіміз келсе, дүниежүзі қолданып жүрген сөздерді орынсыз аударып, тіл үйрене алмай жүргендерге қиындық туғызбайық!

Қазақ тілі терминологиясының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынов пен Құдайберген Жұбанов халықаралық терминдерді қазақ тіліне аударғанда оның нақты мағынасын бермеген жағдайда өзгеріссіз қабылдау жөнінде ескерткен болатын. Олар халық­аралық терминдерді жөн-жосық­сыз, оңды-солды жаппай аударуға қарсы болған.

Қазір біз жаппай жаhандану ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Әзірленетін терминдер тек мемлекеттік тілді дамыту талап­тарына жауап беріп қана қой­май, сондай-ақ, біздің сыртқы әлем­мен өзара түсіністігімізді же­ңіл­­­дете түсуі тиіс және еліміздің ха­­лықаралық қоғамдастыққа ық­пал­­­дасуына жәрдемдесуі керек. Тілімізге кірген терминдерді ма­­­ғы­­насыз аударғанша, оларды өз ті­­­­лімізге бейімдеп алған жөн бо­­лар. «Кровать» сөзін «кереует», «самовар» сөзін «самауыр» деп алу сияқты талай үлгіні бізге ата-бабаларымыз қалдырып кеткен жоқ па?

Жаңа терминдер мен атауларды бекітумен тек Мемлекеттік тер­минологиялық комиссия ғана айналыспай, Үкімет те тер­мин­­дерді тиісті қаулылармен бекі­туі керек. Содан кейін ғана жаңа терминдер қажетті заңды күш алуы және міндетті түрде қолда­нысқа енгізілуі тиіс деп санай­мыз. Жаңа терминология­ны жоғары деңгейде бекіту тәжі­рибесі, тіпті, мемлекеттік тіл қоғам өмірінің барлық саласына бе­рік енген елдердің өзінде бар. Мы­сал ретінде әр жаңа термин тиіс­ті заңдармен бекітілетін Түрік Рес­публикасының заңнамасын атауға болады.

Азамат ӘБІЛДАЕВ,

Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар