Парламент • 23 Желтоқсан, 2020

Сенат депутаттары мақта саласын жандандыруды ұсынды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану туралы  және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат депутаттары мақта саласын жандандыруды ұсынды

Мақта саласы туралы заң жобасы қолданыстағы әкімшілік кедергілерді азайту және қаржы институттарының несиелік ресурстарымен қоса осы салаға инвестицияларды тартуға жағдай жасау мақсатында әзірленген болатын. Сенатор Сұлтан Дүйсембинов «Мақта саласы туралы» заңның қолданыстағы ережелерінде шетелдік инвестициялардың келуін азайтатын және несие беруге тосқауыл қоятын кедергілер бар екенін атап өтті. Осы заң жобасымен қажетсіз әкімшілік кедергілер жойылып, саланың инвестициялық ахуалын жақсартуға және салаға несиелік ресурстарды тартуға жағдай жасайды, мақта егісі ұлғайтылып, мақтаның сапасын және қазақстандық компаниялардың экспорттық кірістері жақсара түседі.

Сенат депутаттары ветеринария мәселелері бойынша заң жобасын да талқылады. Сенатор Мұхтар Жұмағазиев енгізіліп жатқан түзетулер ветеринарлық қызметті жетілдіруге және осы саладағы проблемалар мен сәйкес келмейтін тұстарды құқықтық реттеу арқылы жоюға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

«Заң жобасында ауылшаруашылығы түліктерніңмәліметтер базасына ветеринариялық паспорттың электрондық нысанын енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды бақылау үшін фото және видео жабдықтарды пайдалану құқығы қарастырылуда», деді Мұхтар Жұмағазиев

Кеден органдары мен ветеринариялық инспекторлардың Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл тәртібі де анықталатын болды.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті заң жобаларын Палатаға ұсынды.