Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Қостанай облысында діни нысандардың жұмысына рұқсат берілді

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында діни нысандардың жұмысына рұқсат берілді

Өңірлік жедел штаб карантин шараларын жеңілдету туралы ұсыныстарды талқылады. Нәтижесінде облыста діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне рұқсат етілді.

Алайда діни нысандарда ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Дін істері басқармасына діни нысандарда санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан бөлек, облыстың жедел штабы қабылдаған шектеулер 2021 жылғы 6 қаңтарға дейін жалғасады. Атап айтқанда, отбасылық, ұжымдық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), өткізуге тыйым салынған.

Сондай-ақ мониторинг топтары жалға берілетін үй-жайларды тексереді. Қоғамдық тамақтану объектілері жексенбі күндері тек «жеткізу» қағидатымен жұмыс істейді.