Ауа райы • 23 Желтоқсан, 2020

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ның болжамына сілтеме жасап.

 

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Құзырлы мекеменің мәліметінше, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында тұман түсіп, аяз болады, жел күшейеді.

24 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Шымкентте түнде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде - 22°С-қа дейін аяз болады.

Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.

Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі. Қостанайда 24 желтоқсан күні тұман түседі. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.