Спорт • 24 Желтоқсан, 2020

Месси Пеледен озды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше футболдан Испания Ла Лигасы­ның 15-турында «Барселона» сырт алаңда «Вальядолидті» 3:0 есебімен ойсырата ұтып, қажетті үш ұпайды өз қоржынына салды.

Месси Пеледен озды

Осы матчтың 65-минутында мергендік танытқан Лионель Месси тағы бір рекорд­тық көрсеткішке қол жеткізді. Оның есімі бір ғана команда сапында ең көп гол соққан ойыншы ретінде тарихта қалды. Нақтылап айтсақ, 2003 жылдан бері «Барселонаның» намысын қорғап жүрген 33 жастағы аргентиналық шабуылшы сол уақыт аралығында қарсыластар қақпасын 644 рет дәл көздеген екен.

Ал бұған дейінгі рекорд даңқты Пелеге тиесілі еді. 1956-1974 жылдар аралығында Бразилияның А сериясында «Сантостың» сапында ойнаған футбол королі 643 голдың авторы атанған еді.