Қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан байланыс сапасын арттыру үшін талдау жұмыстары жүргізіліп, интернет жылдамдығы төмен бірқатар шағынаудан мен тұрғын алаптар анықталды.
Осыған орай Қаратау ауданына қарасты «Солтүстік-Батыс» шағынауданында базалық станция орнату жұмыстары қолға алынған еді. Сапалы интернетпен қамтуға қажетті құрылғының барлығы алынып, монтаждау жұмыстары басталды. Мобильді операторлардың WCDMA(3G) және LTE (4G) технологиялар арқылы жұмыс жасайтын базалық станцияларын орнату үшін арнайы антенналар қойылды.
Цифрландыру басқармасының мәліметінше, апта соңына дейін тұрғындар сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі.