Сенаторлардың Атырау облысына жұмыс сапары аясында Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен палатаның Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегенов Махамбет ауданында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенаторлардың Атырау облысына жұмыс сапары аясында Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен палатаның Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегенов Махамбет ауданында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Аудан халқымен кездесу барысында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, инфрақұрылымдарды дамыту, әлеуметтік сала нысандарының құрылысы мәселелері талқыланды. Сенаторлар аудан экономикасының орнықты дамып келе жатқаны туралы хабардар етілді. Өндірістік 4 кооператив, 600-ге жуық шаруа қожалықтары тіркелген болатын. Жыл басынан бері өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2,7 миллиард теңгені құрады.
Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 660 жаңа жұмыс орындары ашылды, олардың ішінде 178-і тұрақты сипатқа ие. Тұрғындардың «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына қатысуына сұраныс арта түсті. Бағдарлама іске қосылған үш жылда 72 жоба қаржыландырылды.
* * *
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай және осы комитеттің мүшесі Юрий Кубайчук Қарағанды облысындағы құқық қорғау органдарының басшылары және қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясының, облыстық соттың, облыстағы жетекші оқу орындарының: ІІМ Академиясының, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және «Болашақ» университетінің өкілдері қатысты.
Жүздесу барысында жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстері жобаларының ережелері талқыланды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ғалымдар Қылмыстық кодекстің жекелеген ережелеріне ұсыныстар айтты.
* * *
Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов Жамбыл облысында сайлаушылармен кездесулер өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Депутаттар «Нұр Отан» партиясы Меркі аудандық филиалында азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдау жұмысына депутаттармен қатар, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Берік қатысты.
Қабылдау барысында 5 азаматтың өтініштері қаралды. Қабылдауға келген азаматтар аудандағы өзекті мәселелерді көтеріп, осы мәселелер бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар берілді.