Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитетінің шешімі бойынша Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілді.
Еске сала кетейік, ол 16 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасында "Әл-Садд" командасына қарсы кездесуден кейін допинг-сынама тапсырған. Сол сынамадан оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған еді.