Парламент • 24 Желтоқсан, 2020

Сенаторлар Мәжілістің алдағы сайлауын талқылады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Андрей Лукин, Сұлтанбек Мәкежанов және Ләззат Сүлеймен бейне конференция арқылы ТМД-ға мүше мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобымен бірге Қазақстан Парламенті Мәжілісінің алдағы сайлауын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенаторлар Мәжілістің алдағы сайлауын талқылады

2021 жылдың 7-сі мен  12 қаңтары аралығында халықаралық байқаушлылар тобы Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның басқа аймақтарындағы сайлау процесімен танысатын болады. Онлайн кездесулер барысында коронавирус инфекциясының сайлау науқаны кезінде таралуына қарсы іс-қимыл шараларын талқылауға ерекше назар аударылып отыр.

Сонымен қатар, қатысушылар үгіт-насихат шараларын өткізу және партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына тең қол жетімділігі, қашықтан дауыс беру нысандарын енгізу мүмкіндіктерін  талқылады.