Елорда • 24 Желтоқсан, 2020

Нұр-Сұлтанда қанша адам үй кезегінде тұр

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Асылбек Еңсебаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда қанша адам үй кезегінде тұр

«Нұр-Сұлтан қаласында халық санымен қатар, тұрғын үйге мұқтаж жандар да артып келеді. Бүгінгі таңда елордада 48 113 адам үй кезегінде тұр. Олардың ішінде 2752-і жетім бала, 4825-і көпбалалы отбасы, 18937-і әлеуметтік осал топқа кіретін жан, 21505-і мемлекеттік қызметкер және бюджеттік ұйым қызметкерлері бар. Сондай-ақ, 93-і апатты жағдайдағы тұрғын үй иелері», деді А. Еңсебаев қалалық мәслихаттың жалпы отырысында.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, биыл түгендеу жұмыстарынан кейін 4142 елордалық үй кезігінде тұрған тізімнен шығарылды.

«Қазіргі таңда Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй – коммуналдық бағдарламасын әзірлеп, бекітті. Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мақсатында баспанамен қамтудың бірнеше бағыты қарастырылған. Атап айтқанда, сатып алу құқығынсыз үйді жалға беру, үй кезегінде тұрған аз қамтылған отбасыларға Тұрғын үй жинақ құрылыс банкі арқылы несие беру және несиелік тұрғын үй құрылысы қызметін ілгерілету», дейді ол.