07 Желтоқсан, 2013

Ел дипломатиясының білікті өкілі

380 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

x 651a78501М.С.Бақбергенов Тәжік КСР-інің Қорғантөбе облысында дүниеге келді, өзінің борышын кеңес әскерінде өтеп, ұлттық шаруашылықта жұмыс істеді. Жеке қайсарлығы мен еңбексүйгіштігі арқасында халықаралық қатынастар мамандығы бойынша Мәскеуде оқып, Шығыс елдерінің референті біліктілігін алды.

М.С.Бақбергенов Тәжік КСР-інің Қорғантөбе облысында дүниеге келді, өзінің борышын кеңес әскерінде өтеп, ұлттық шаруашылықта жұмыс істеді. Жеке қайсарлығы мен еңбексүйгіштігі арқасында халықаралық қатынастар мамандығы бойынша Мәскеуде оқып, Шығыс елдерінің референті біліктілігін алды.

x 651a78501

Мұқан Сәрсенұлы Тәуелсіз Қазақстанның Ауғанстандағы дипломатиялық өкілдігінің алғашқы басшысы еді. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар дәл оның таға­йын­далуынан кейін басталды деуге болады. Қазақстан аза­мат соғысын басынан кешкен Ауғанстанды қалпына келтіру және дамыту бойынша халықаралық қауымдастықтың іс-әрекетін қолдап, оған белсенді атсалысты. Бұл шара осы елден шығатын лаңкестік, экстремизм мен есірткі бизнесін Қазақстанда болдыртпау үшін қажет еді.

Осы жерде Мұқан Сәр­сен­ұлының қысылтаяң жағдай­лар­дан жол таба білетін жеке және іскерлік қасиеттері айрықша көрінді. Ол біздің дипломатиялық миссиямыздың ұзақ мерзімге жұмыс істеуіне тиісті жағдай жасады. Күйзелісті ахуалдың салдарынан ауған үкіметінің Қазақстанның елшілігіне ғимарат беру мүмкіншілігі болмады. Оның үстіне, Кабулда біздің дипломаттар тұра алатын қонақ үй, немесе тиісті жекеменшік үй де болмады. Мұқан Сәрсенұлының тәжік дипломаттарымен достық қарым-қатынасының арқасында, Қазақстан дипөкілдігінің қызмет­­керлері алғашқы уақытта сол елдің елшілігінде тұрып, жұмыс істеді.

Кабул қаласындағы Қазақстан елшілігі қызметкерлерінің ұйым­дастыруымен өткізілген ас беруде Мұқан Сәрсенұлы туралы көптеген жылы сөздер мен еске алулар айтылды. Мәсе­лен, АИР Парламенті төменгі палатасының депутаты Боз Мо­хаммад Джаузджани ауған пар­ламентарийлері тобы атынан сөйлеген сөзінде, екіжақты байланыстарды үлкен табандылықпен орнатқан М.Бақбергеновтің өмір­лік ұстанымдарын, белсен­­­ділігін айрықша атап өтті. Қазақ­стандық дипломат Ауған­станның билік және басқару органдарында ла­йықты беделге ие еді, деді ол.

Ауғанстандағы қазақ диас­порасының ақсақалы Мамур Жалил тарихи Отанына 200 этностық қазақты көшіруді ұйым­дастыруға Мұқан Сәрсенұлының жеке қатысқанын ризашылықпен айтып өтті. Ауғанстан мен Қазақ­стан арасында тығыз байланыс орнатуға үлкен үлес қосқан дип­ломатты ауғандықтар осы күнге дейін ықыласпен еске алады. Мұны М.Бақбергеновпен ұзақ уақыт бойы достық және іскерлік өзара байланыс­та болған Ауғанстанның Қазақ­стан Республикасындағы бірін­ші елшісі Азизулла Рузи де әңгімесіне арқау етті. Қазақ­станның Ауғанстанға жіберген бірінші гуманитарлық көмегі мен екі елдің іскерлік топтары арасында қарым-қатынастар орнату дәл осы Қазақстан дипломатының атымен тығыз байланысты, деді А.Рузи өз сөзінде.

Тәжікстанның Ауғанстандағы елшісі Шарафуддин Имомов күні бүгінге дейін күрделі кездерді бас­тан кешіп отырған Ауғанстанға М.Бақбергеновтің 2003 жылы келгенін еске алды. Шетелдік дипломаттар мектеп пен ауруха­налардың болмауы сияқты тұр­мыстық проблемаларға душар болатын, олардың жұмыстары да айтарлықтай қауіп-қатерлерге толы еді.

Мұқан Сәрсенұлымен тығыз қатынасқан БҰҰ миссиясының Ауғанстандағы жетекші қыз­меткері Талатбек Масадыков та қазақстандық дипломаттың осы елдегі ішкі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, жергілікті халықтың ділін, мінез-құлқы мен ойлау стереотиптерін жақсы меңгергенін атап өтті. Осының бәрі М.Бақбергеновтің Кабулда жемісті қызмет етуіне мүмкіндік берді, деді ол.

«Кам Групп» компаниясының президенті З.Камгар атап өткен­дей, М.Бақбергенов ауған іскер­лік топтарының ішінде құр­мет пен абыройға ие болған. Сауда-экономика саласындағы екіжақты қатынастар осы кісі­нің белсенді қатысуымен айтар­лық­тай өскен. Ауғанстан сауда және өнеркәсіп министрінің мін­детін атқарушы Ш.Каргар Мұ­қан Сәрсенұлының екі ел ара­сын­дағы түрлі салалардағы ынты­мақ­­тастықтың құқықтық негізін құ­руға көп еңбек сіңіргенін баса айт­ты.

Өңір тұрғындарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білу, дари, парсы, өзбек, түркімен және тәжік тілдерін меңгеру, оның Ауғанстанның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуына жағдай туғызған. Әсіресе, жергілікті рулық-тайпалық деңгейдегі беделді адамдармен іскерлік қарым-қатынасы оның жұмысына көп септігін тигізген. М.Бақбергенов күнделікті өмірде айналасындағылармен тіл табыса білуімен, ізгілікті ұстанымдарымен, басқа да оң қасиеттерімен ерекшеленген. Қысқасы, оның жоғары адами және іскерлік қасиеттері оған Отанымыз сеніп тапсыр­ған қызметті абыроймен атқаруда айтарлықтай көмектес­кен. М.Бақ­бергеновтің Қазақ­стан­ның Ирандағы, Ауған­стандағы, Қытайдағы, Тәжік­стандағы және Түркіменстандағы елшіліктерінде жасаған жемісті жұмыстары үшін Қазақстан Үкіметі тарапынан жоғары құр­метке ие болды. Атап айтқанда, ведомство тарапынан бірнеше рет грамоталармен, медальдармен және орденмен марапатталды.

Мұқан Сәрсенұлы төрт қыз және бір ұл тәрбиелеп өсіріп, олардың барлығын Отанына пайдалы азаматтар ретінде қа­лыптастырды. Бұл бағытта оның зайыбы Бақыттың қосқан үлесі айтарлықтай болғанын атап кеткен дұрыс. Өйткені, Иран мен Ауғанстандағы күрделі әскери-саяси ахуалға байланысты Мұқан Сәрсенұлының аталмыш мемлекеттерге отбасын алып баруына мүмкіншілігі болмады. Бірге жүрген адамдардың естерінде ол қамқор әке, мемлекеттік дипломатияның жоғары білікті қызметкері, білімді шы­ғыстанушы және сенімді дос ретінде қалмақ.

СІМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар