07 Желтоқсан, 2013

Екі ғалымға екі миллион берді

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Santo Member of Polpharma Group компания­сының Ғылыми қоры медицина мен фармация саласындағы ғылыми зерттеуді жалғастыру үшін Астана Медициналық университетінің екі ғалымының әрқайсысына 1000000 теңге көлемінде гранттарды тапсырды.

Santo Member of Polpharma Group компания­сының Ғылыми қоры медицина мен фармация саласындағы ғылыми зерттеуді жалғастыру үшін Астана Медициналық университетінің екі ғалымының әрқайсысына 1000000 теңге көлемінде гранттарды тапсырды.

«Академиялық бағдарламаның» шәкірт­ақысын алғашқы болып Раушан Ысқақова және Роза Қарабекова алып отыр.

Үстіміздегі жылы аталмыш компания Астана Медициналық университетінің ізденімпаз ғалымдарына қолдау көрсету мақсатында «Ака­демиялық бағдарлама» тағайындаған болаты­н. Бағдарлама биылғы жылдың көктемінде Астана экономикалық форумында Астана Медициналық университетімен бірге қол қойылған Меморандум шеңберінде жүзеге асырылуда.

«Аталған бағдарлама мемлекет пен жекемен­­­­шік­тің денсаулық сақтау саласындағы серіктестігінің нақ­ты дәлелі болып табылады және ол бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасы мен оларға көрсетілетін медициналық қызметті жақсартуға бағытталған. Біз отандық ғалымдардың зерттеушілік әлеуетін дамытуға алдағы уақытта да өз үлесімізді қосуға ниеттіміз», – деп атап өтті Santo Mem­ber of Polpharma Group бас директоры Шахин Арслан.

Лауреаттарға гранттарды Польша респуб­ликасының Қазақстандағы Төтенше және өкілет­ті елшісі Яцек Ключковски және Қазақстан Рес­пуб­ликасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілі Гүлнар Ілмалиева, Santo Member of Polpharma Group бас директоры Шахин Арслан және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ­тау министрлігінің Ғылым және адам қорлары депар­та­ментінің директоры Алма Сыздықова тапсырды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар