Осы бір өзекті мәселе Ақтөбе облысының прокуратурасы ҚР Ішкі істер министрлігі Ақтөбе заң институтымен бірлесіп өткізген «Жергілікті басқару органдарының, құқық қорғау органдарының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жол бермеу бойынша қызметін жетілдіру» тақырыбындағы өңірлік ғылыми-практикалық конференцияда кеңінен әңгіме болды. Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова, жергілікті атқару, құқық қорғау, сот және арнайы қызмет органдарының басшылары, қызметкерлері, жоғары оқу орындарынан, колледждерден жастар, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров соңғы жылдар ішінде жастар діннің атын жамылған дәстүрлі емес ағымдардың, радикалды топтардың жетегінде кетіп жатқанын мысалға келтірді. Теріс пиғылды топтардың жұмысына тосқауыл қою үшін жергілікті жерлерде тұрғындармен, шетелге оқуға баруға талпынған жастармен кездесулер, түсінік жұмыстарын жүргізу керектігіне тоқталды. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында басымдық берілген міндеттер қатарында радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық құбылыстары мен түрлеріне қарсы әрекет ету туралы айтылғанын тілге тиек ете келіп, қазір діни экстремизм мен терроризмнің қаупі әлем елдерінің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуды алға тартып отырғанын жеткізді.
Конференция соңында жақын-жуықтары теріс ағымдардың соңында кетіп, абақтыға жабылған әртүрлі тағдырлар туралы деректі фильмдер көрсетілді. Осындай фильмдерді жастарға ой салу үшін телеарналар арқылы жиірек көрсету туралы пікірлер айтылды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.