Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Шымкент: «Еңбек» бағдарламасы аясында 10 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында биылғы жылдың 11 айында 32857 азамат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан. Ауқымды шара аясында 20 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіліп, оның ішінде 9802-сі тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкент: «Еңбек» бағдарламасы аясында 10 мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

 

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы бойынша 8,5 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасқан.

Бұл тұрғыда қысқа мерзімді оқу курстарының көмегі орасан. Мәселен, қысқа мерзімді оқу курстарында биыл 2000-ға жуық азамат түрлі мамандықтар бойынша білім алған. Олардың тең жартысы жұмысқа орналастырылды.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.

75

Фото: Береке Сейітжаппар