Облыстық экология департаментінің кадр жөніндегі маманы Светлана Таурузованың айтуынша, жаңа жыл – бұл таңғажайып мереке, мұны балалардың сенімге толы жарқыраған көздерінен байқау қиын емес.
«Біз өзара ақылдаса келе, жаңа жылдық сыйлықтарды үлестіруді жөн санадық. Балалардың көңілін көтеріп, олардың жүзінен күлкі көргіміз келді. Әрбір тәрбиеленушіні келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, амандық-саулық тілеймін», деді ол.
Экологтар мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілерді келе жатқан 2021 жылмен құттықтап, оларға сәттілік, зор денсаулық, бақыт және армандарының орындалуына тілектестік білдірді. Өз кезегінде балалар ауылының басшылығы экология департаментінің қызметкерлеріне мекеме тәрбиеленушілеріне деген жүрекжарды тілектерін білдіріп, көңіл бөлгені үшін алғысын жеткізді.
Айта кету керек, шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған болатын.