Орталық хабарлауынша, бұл өз кезегінде аймақта аурухана тапшылығы мәселесін шешіп, халыққа жоғары технологиялық мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсету қажеттілігін өтейді. Науқастарға шұғыл медициналық жәрдем беруге мүмкіндік туғызып, өңірде медициналық туризмнің дамуына ықпал етеді.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың төрағалығымен өткен жиынға түрік инвесторлары қатысты. Кездесуде ҚР денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Батырбек Әбділдин, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев та болды.
Айта кетейік, бұл аталған жобаның барлық тетігі егжей-тегжейлі талқыланған алғашқы кездесу.
«Аталмыш жоба озық технологияларды қолданысқа енгізіп, халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттырады. Дәрігерлерге барлық жағдай жасалып, ауруханаға қаралушылардың қауіпсіздігі үшін тиісті іс-шаралар алынады деп сенемін. Қазіргі уақытта бұл нысан қоғамға өте қажет», деді Гүлмира Мұратқызы.