«Барыс Арена» спорт кешенінде өткен ойында Хабаровскінің «Амур» ұжымын қабылдаған жерлестеріміз қарсыластар қақпасына бес шайба соғып, еш қиындықсыз жеңіске жетті. Кездесудің есебін 6-минутта Даррен Дицтен тамаша пас алған шабуылшы Якоб Лилья ашты. Екінші кезеңде есепті теңестіруді көздеген «Амур» ойыншылары 24-минутта өз дегендеріне жетті. Шайба авторы – Михал Йордан. Дегенмен кезең аяқталар тұста Роман Старченко мергендігімен көзге түсіп, «Барысты» есепте алға шығарды.
Үшінші кезеңде жанкүйерлер 4 шайбаның куәсі болды. 40-минутта Кёртис Волк алаң қожайындарының басымдығын одан әрі арттырса, 52-минутта Әлихан Әсетов осы маусымдағы алғашқы голын соқты. Ал 57-минутта Якоб Лилья дубль авторы атанып, кездесудің нүктесін қойды. Матчтың соңғы минутында қонақтардан Доминик Машин есеп айырмасын қысқартқанымен, ойын нәтижесіне еш әсер еткен жоқ. Қорытынды есеп – 5:2.
Бұл – «Барыстың» кейінгі 10 ойындағы тоғызыншы жеңісі. Жерлестеріміз қазіргі таңда турнир кестесінде 43 ұпаймен 8-орында келеді. «Барыс» келесі кездесуін бүгін Сібірдің «Сібір» командасымен өткізеді.