07 Желтоқсан, 2013

Медицинада қатерлі ісікпен күресудің тиімді тәсілі пайда болды

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07 12 - RakАҚШ ғалымдары дәрілерді қатерлі ісік жасушаларына тікелей жеткізетін революциялық тәсіл ойлап тапты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Медицина ғылымындағы жаңалықты Массачусетс технологиялық институты жанындағы Дэвид Кох атындағы қатерлі ісікті интегративті зерттеу институтының ғалымдары енгізді. Олар қатерлі ісікті емдеуге арналған дәрілерді екі қабықшадан тұратын нанобөлшектердің ішіне салған. Осы арқылы дәрілерді қатерлі ісік жасушаларына тікелей жеткізуге мүмкіндік туған екен.

Онкологиялық ісіктерді емдеу өте қиын. Көбінесе мұндай ісіктерден ағзаға зиян келтіретін ақуыздар пайда болады. Олар дәрілердің қатерлі ісік пайда болған жерге түсуіне кедергі келтіреді. Осылайша, дәрілер зақымдаған жасушаларға жетпей қалып жатады. Енді медицина қатерлі аурулармен күресудің тиімді тәсілін тапқан көрінеді.

Жаңа тәсілді қолдана отырып тышқандарға жасалған зертханалық сынақтардың нәтижесінде қатерлі ісіктің белсенділігі 80 пайызға төмендеген екен. Ісіктердің көлемі сегіз есе кішірейген. Кеміргіштердің ағзасында улану деңгейінің өсуі байқалмады.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар