07 Желтоқсан, 2013

"Еуразия барысының" белдесулері басталды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4510f7f04c5edc528d71598666a7fb53

Тараздағы "Тараз Арена" спорт сарайында «Еуразия барысы» басталды. Бұл туралы www.egemen.kz тілшісі хабарлады.

Турнирге Қазақстан, Моңғолия, Түркия, Иран, Тәжікстан, Польша, Ресей мен Қытай елінің құрмалары қатысады. Жаңа ғана жарыстың ашылу салтанатында жеребе тастау рәсімі өтті. Турнирді Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев ашты. Енді белдесулер шамалы уақыттан кейін басталады. Қазақстан құрамасын Бейбіт Ыстыбаев бастап шығады. Одан басқа біздің командада Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов пен Мұхит Түрсынов күш сынасады. Моңғолия командасында бойы 194 см, салмағы 160 кило Сұғаржалғал Болдпруев деген балуан күреседі. Финалда екі елдің құрамасы кездессе, Бейбітке осы балуан қарсылас болады. Ресей командасында ағайынды Артем мен Дмитрий Ковалевскийлер болса, Түркияның туын ағайынды Ердал мен Бюлент Доғандар алып шығады. Қытай құрамасының балуандарының бәрі моңғол.

Бірінші болып Қазақстан мен Иран балуандары белдесті. Бұл кездесуде қазақ балуандары 5:0 есебімен жеңіске жетті. Қазір Тәжікстан мен Польша балуандары кілемге шықты.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар