Руханият • 29 Желтоқсан, 2020

Мейірім – жүректен

645 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биылғы «Волонтер жылы» әлемде таралған коронавирус індетімен тұспа-тұс келді. Елімізде де таралып жатқан індеттен қорғанудың бір жолы – халықтың амандығы үшін үйден көп шықпау. Жанымызға жақын адамдарды індеттен сақтау, үлкен кісілерге көмек көрсету. Осы тұста волонтер жастардың еңбегі зор.

Мейірім – жүректен

Жуырда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Ғажап» мүмкіндігі шек­теу­лі балалар қоғамдық бірлестігі «ADAL KOMEK» волонтерлік ұйымы­мен бірлесе «Жақсы кітап – жан азы­ғы» жобасы аясында «Мейірімділік өз қолыңда» атты әдеби кешін өткізді. «ADAL KOMEK» волонтерлік ұйымы өңіріміздің талантты жастарының бірі Олжас Өтеуовтің бастамасы. Ол – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің сту­­ден­ті, «Студенттің ғылыми ізде­­ніс нәтижелері» атты екін­ші рес­пуб­ли­ка­лық ғылыми-прак­тика­лық кон­ференциясының II дә­ре­желі дип­лом иегері, дзюдо күре­сі­нен об­лыстық, республикалық тур­­нир­лер­дің жеңімпазы. Оның айтуынша, волонтерлік топты құру мақ­саты балаларға, қарттарға ерекше көңіл күй сыйлау, азғантай болса да, қолы­нан келгенше қол ұшын созу, игілікті іс жасау.

«ADAL KOMEK волонтерлік ұйымы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ГМК-101 тобы­ның студенттерінен құралған.

Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің сту­дент­­тері Нұрлыат Сәрсенбаев, Орнай Жарасқанова, Айдана Серік­баева, Гүлдана Нұртуғанқызы қатысып, «Жалқау мысық» ертегісін сахналады. Осы әдеби кешке «Шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес» атты рес­пуб­ли­калық онлайн әдеби бай­қа­уының I орын жүлдегері, Ақтөбе көп салалы Тарлан колледжінің студенті Анар Өтеге­нова арнайы қатысып, өзі­нің жүрекжарды өлеңін оқыды. Соны­мен қатар ГМК-101 тобының студент­тері Шолпан Бримтаева, Зарина Аман­ға­лиева тамылжыта ән салып, №12 орта мектебінің оқушысы Дания Сапрыгина мың бұралып би биледі.

1

Сондай-ақ III республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауының I орын иегері, V халықаралық «Галак­тика талантов» байқауының жеңім­пазы, облыстық және респуб­ли­ка­лық байқаулардың жеңімпазы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік уни­вер­си­тетінің студенті Өркен Қадыров күй тарту етті. Шараның соңында бел­сен­ді жас­тар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қосыла шырқады. Атал­мыш әдеби кешке мүмкіндігі шек­теу­­лі жандарға арналған «Алаш» қо­ғамдық бірлестігіндегі балалар мен жас­өс­пі­рімдерге арналған «REAL» фото студиясының мүшелері Гүл­фай­ра Рама­занова, Самал Еші­мо­ва, Салтанат Шуитбаева белсене атса­лысты.

Ізгі шараның бастамашысы болған «ADAL KOMEK» волонтерлік ұйымы кішкентай балақайларға арнайы сый­­лық әзірлеп, табыс етті. Әдеби кеш соңында «Ғажап» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары Инна Романовна барша қатысушыларға риза­­шылығын білдіріп, алдағы уа­қытта да, осындай шаралардың көп­теп өткізілуіне ұсынысын айтты.

1

Мемлекет басшысы­ Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қа­зақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қа­зақ­стан халқына Жол­дауында ұлт­­­­тың жаңа болмысы туралы былай айтады: «Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды. Біріншіден, ХХІ ға­сыр­дың ұрпағы терең білімді бол­ға­ны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағ­ды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төр­тіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әді­леттілік – әсіресе ел-жұрттың тағ­­­ды­рын шешу үшін аса қажет қа­сиет. Алтыншыдан, бізге ке­регі – адал­дық, ұқыптылық, тия­нақ­тылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай ке­йіпте көргіміз келеді. Біз сонда ға­на бәсекеге қабілетті мемлекет, зият­­­кер ұлт қалыптастыра аламыз». Осы Жолдаудан түйгеніміз – білімді, са­­на­лы ұрпақтың ұлттық болмысын қа­­лыптастырып, әсіресе жастардың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру. Осы тұста біздің белсенді во­лон­терлеріміз айнымас қағиданы нық ұстап, ізгілікті шаралардың бастама­шы­сы болып келеді. Адал жолдан тай­майтын, әділеттілікті қолдайтын жас­тардың ұраны «Біз біргеміз!». «ADAL KOMEK» волонтерлік ұйы­мы сияқты әрдайым айналасына мейі­рі­мін төгіп, жақсылық жасауға дайын тұратын мейірімді, ақ пейілді, адал еңбек ететін жастарымыз көп болсын!

 

Ақмарал МҰҚАШЕВА,

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері