Экономика • 30 Желтоқсан, 2020

«ҚазМұнайГаз» үшін жыл қалай өтті?

302 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қатаң үнемдеу шаралары

Пандемия салдарынан мұнай бағасы күрт төмендеп, нарықтағы ахуал нашарлағаннан кейін «Қаз­Мұ­найГаз» шұғыл түрде дағ­да­рыс­қа қарсы бағдарлама қабыл­да­ды. 2020 жылы операциялық, күрделі және әкімшілік шығындар 147 млрд тең­ге­ге қысқартылды. Алдағы бес жылда тағы да 586 млрд теңге үнем­дел­мек.

«ҚазМұнайГаз» үшін жыл қалай өтті?

 

Қарыз мөлшерін азайтып, оны төлеу мерзімін кейінге қалдыру шаралары қолға алынды. Қазан айында 750 млн АҚШ доллары көлемінде 12,5 жылдық еурооблигация шығарылымы ойдағыдай орналастырылды. Компания түскен қаражатты 2022 және 2023 жылдары өтелуге тиіс еурооблигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге пайдаланды. Нәтижесінде, компанияның алдағы бірнеше жылда еурооблигацияларды өтеу бойынша қомақты бір реттік шығындары жоқ.

 

Орталық аппарат оңтайландырылды

Сәуір айында жаңа ұйымдық құрылым бекітілді. Соған сәйкес ҚМГ орталық аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлер саны 249 адам­ға немесе 34%-ға, яғни 729 адамнан 480 адамға азайды.

Мамыр айында компания бас­шы­лы­ғының жалақысы 30%-ға, орта буын басшылардың еңбек­ақы­сы 20%-ға азайғаны жөнін­де жария­лады.

Сонымен қатар орталық аппарат­та басқарушы директор де­ген лауа­зым мүлдем жойылды, депар­тамент саны үш есеге, 60-тан 20-ға дейін қысқарды. Бұдан бөлек ҚМГ жыл соңына дейін орталық ап­парат қыз­мет­керлеріне төленетін бонус пен сыйа­қыларды алып тас­та­ды және қыз­меттік көліктерден бас тартты.

 

Ауқымды дивиденд төленді

Мамыр айында шығындардың қысқаруына қарамастан, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында акционерлерге 2019 жылға 81,7 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төлеу туралы шешім қабыл­дан­ды. Бұл – алдыңғы жылмен салыс­тыр­ғанда екі есе көп қаржы. 2019 жылдың қоры­­тындысы бойынша дивиденд төлеу­мен қатар ҚМГ өз акцио­нер­леріне Нұр-Сұлтан мен Түркістан қала­ларындағы әлеуметтік нысан­дар­дың құрылысына арналған қара­жат­ты қоса алғанда, 20 млрд теңге ақша төледі.

 

Елеулі оқиғалар

Маусым айында Маңғыстау облысының Шығыс Бектұрлы бар­лау блогында мұнай бұрқағы атқы­лады. Дебиті тәулігіне 100 текше метрге дейінгі «қара алтын» тарихи деректерді кешенді геологиялық-геофизикалық зерттеу, бассейндік үлгілеу, жоғары техно­ло­гия­лық сейсмобарлау жұмыс­тарының нәти­же­сінде алынды.

Ал желтоқсан айында Шығыс Өріктау кен орнында екі ұңғыма тәжірибелік пайдалануға берілді. Бір жылдан кейін тағы да бес ұң­ғы­ма іске қосылмақ. Жоба табыс­ты іске асып, оң экономикалық ахуал қалыптасқан жағдайда осы кен орнында тағы 58 ұңғыманы пайда­лану мүмкіндігі қарастырылады. Жұ­мыстар сәтті өткізілген жағдай­да, ке­ніштегі өндіріс көлемі жыл са­йын 1,5 млрд текше метр газ және 500 мың тонна мұнайға дейін жетуі мүмкін.

 

«Сарыарқа» іске қосылды

Тамыз айында Нұр-Сұлтан қала­сында жекеменшік үй иеле­рінен орталық газбен қамтудың орта­лық­тан­дырылған жүйесіне қосылуға өтінім қабылдана бастады. Өтінімді елор­даның газдандырылған тұрғын үй алқаптарында орналасқан заңды тұлғалар да бере алады.

Еске сала кетейік, «Сарыарқа» магис­тралды газ құбырының құ­ры­­­­­лысы 2019 жылдың соңында аяқ­тал­ды. Газ құбыры Қарағанды мен Ақ­мо­ла облысының 171 елді ме­кенін газ­бен қамтамасыз етеді.

 

Қордай тұрғындары көгілдір отынмен қамтылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Жам­был облысы Қордай ауда­ны­­ның он елді мекені немесе 62 мың­­нан астам тұрғыны мен 274 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қо­­сылды. 2020 жылдың маусым-қазан айларында барлығы 392 ша­қы­рым газ құбыры тартылған болатын. Осы жұмыстың нәтижесінде қор­­дайлықтарды көгіл­дір отынмен қам­­ту көрсеткіші 47%-дан 95%-ға дейін артты.

 

Індетпен күреске қаржылай қолдау көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы халыққа, облыс әкімдіктеріне және медициналық мекемелерге 3,6 млрд теңгеге демеушілік кө­мек көрсетті. Аталған қаражатқа өкпені жасанды желдету аппараттары, оттегі концентраторлары, же­дел жәрдем көліктері және жеке қор­ғаныс құралдары сатып алынды. Бұдан бөлек, жұқпалы індетпен күресте ерен еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға, полиция қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізіп беру ұйымдастырылды.