Руханият • 30 Желтоқсан, 2020

Жаңа жыл жылнамасынан сыр шертеді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өмірі өнермен біте қайна­сып жатқан Семей қала­сының халқы жаңа 2021 жылды қарсы алуға ерекше дайындалып жатыр. Әрине, елдегі жағдайға байланысты мерекелік концерттердің болмай­тыны анық. Бірақ Ф.Дос­тоев­с­кий атындағы әде­би-мемориалдық музейде «Былтырғы қар-2020» ат­ты көрме ашылды.

Жаңа жыл жылнамасынан сыр шертеді

Тарихи музейде ұйымдас­тырылған көрмеге 200-ден астам әртүрлі жаңажылдық атрибут қойылған. Көрме сөре­лері заманауи шырша ойыншықтарымен қатар, кеңес­тік кезеңнің көзіндей антик­вариат дүниелермен толық­тырылған. 

Бұрын-соңды ұйым­дасты­рыл­маған көрмеге келушілер жаңа жыл қарсаңында жа­зылған көне хаттарды, XIX ға­сыр­дың аяғынан бастап, бүгін­гі күнге дейінгі шыршаны бе­зендіруге арналған заттар­ды көре алады.

– Ерекше әсердемін. Бейне­бір балалық шағыма қайта орал­ғандай сезімде тұрмын. Ол заманның салты бойынша туған-туыстарға, жора-жол­дастарға ақ параққа ақ тіле­гімізді ақтарып отырып хат жазушы едік. Міне, көрмеде сол заманның ашықхаттарын, шыр­шаға ілетін кеңестік ойын­шық­тарды көріп, бала күнім еске түсті, – дейді мектеп мұғалімі Лаура Қажанова. 

1

Көрмені ұйымдастырушы Владимира Соловьеваның ай­туынша, жаңажылдық сарғайған хаттардың, ойыншықтардың өз тарихы бар екен.

Сонымен қатар «Былтырғы қар-2020» атты көрмеден    жер­гі­лікті қолөнершілер жасаған жаңа­жылдық заттар да орын тап­қан. Өткен ғасыр мен бү­гін­­гі заманды ұштастыра ұйым­­­­­дас­тырылған көрме 2021 жыл­­­­дың 20 қаңтарына дейін жалғасады. Көрмені тамашалаймын деушілер, шектеу шараларына орай алдын ала телефон арқылы жазылып, белгіленген уақытта ғана келулеріне рұқсат.

 

СЕМЕЙ