Тарих • 31 Желтоқсан, 2020

Повесті жатқа оқыған Оралхан

542 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Публицистика, поэ­зия, проза жанрларын то­ғыс­тыра білген талант иесі Оралхан Бөкей тура­лы естеліктер толас таппай­тыны анық. Тереңдігі мен тағылымы бөлек, сөз сап­тасы басқа дарынның шы­ғармаларына бүккенін бірден түсіну үшін де оқыр­манға өре керек...

Повесті жатқа оқыған Оралхан

Суретті түсірген Болат Омарәлиев

Оқырман демекші, кейін­гілердің есіне әдебиетте өз атын өшпестей жазып кеткен Орал­хан Бөкей 1943 жылы 28 қыр­күйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дү­ниеге келгенін айта кету керек. Әкесі Бөкей табиғатынан қа­тал, сөзге шешен, рухы биік, шын­шыл жан болса, анасы Күлия ақкөңіл, ақжарқын мі­не­зімен көпке үлгілі болған кісі екен. Отбасында жалғыз ұл – Оралхан, бес қыз – Шол­пан, Әймен, Ләззат, Мән­шүк, Ғалия дүниеге келген. Орал­хан дү­ние­ге келгенде сұ­рапыл со­ғыс жылдары бол­ған­дықтан, әкесі Оралға ең­бек майданына ат­танған кез болатын. Анасы Кү­лия әкесі еңбек май­даны­нан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

Сол Оралханмен байырғы қызылордалық фототілші Болат Омарәлиевті тағдыр қалай то­ғыстырды?

– Жас кезімнен Оралхан Бөкейдің маған айтпай жасап жүрген қамқорлығын іштей сезініп жүруші едім. Талантты адам талантты тани біледі де­ген рас нәрсе, 1975 жылы нау­қас­танып, ауруханада жатсам, мені іздеп үйге келіпті.

Сәті түскен фотокадрдың сыры мынадай. 1986 жылы Қызылорда облысында «Қазақ әдебиеті» газетінің апталығы өтті. Сонда ғана Оралханмен жүзбе-жүз кездестім. Оған дейін бір-бірімізді көрмегенбіз. Сол бір аптаның ішінде Қаратауда күріш орып жатқан ауылдарды бірге араладық. Мына суретте Оралханның Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесін жатқа айтып тұрған кезі. Өзінің бір ауыз өлеңін жат­қа білмейтін талай ақынды көріп едім, бір повесті бастан аяқ өлеңдетіп жатқа айтқанды Оралханнан көрдім, – дейді сурет авторы.

 

АЛМАТЫ