Жатақхананың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов студенттермен кездесіп, жаңа ғимаратты аралап көрді. 656 млн теңге бюджет қаржысына салынған тоғыз қабатты ғимарат құрлысы жеті айдың ішінде аяқталып отыр.
Жатақхананың әр қабатында 3 орындық 10 бөлме, әр бөлмеде тоңазытқыш бар. Ас бөлмесі мен жуынатын бөлмесі, дәретхана бөлек орналасқан. Жатақханада 19 адам жұмыс істейтін болады. Жаңа баспанаға бүгіннен бастап студенттердің алғашқы легі орналаса бастады.
«Бізде оқитын 1437 студенттің 400-і жатақханамен қамтылмаған. Жаңа жатақханаға 250 студент сияды. Ең бірінші кезекте тұрмыс жағдайы төмен және кәмелетке толмаған студенттерге орын беріп жатырмыз. Бірінші қабатта мүгедектігі бар студенттерге арнайы 10 орын қарастырылған», деді колледж директоры Айгерім Оспанова.