Руханият • 31 Желтоқсан, 2020

Атырауда волонтерлер жаңажылдық 7 мың сыйлық таратты

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы волонтерлер штабы «Шын жүректен» акциясы өткізіп, ерекше балалардың отбасына жаңажылдық 7 мың сыйлық таратты,деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда волонтерлер жаңажылдық 7 мың сыйлық таратты

Волонтерлер штабының жетекшісі Әйгерім Досқалиеваның айтуынша, бұл акцияға облысы әкімдігі қолдау білдіріпті.

«Қазір облыста 4 мыңға жуық ерекше күтімді қажет ететін бала бар. Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімдігінің қолдауымен және демеушілердің көмегімен сондай балалардың отбасындағы барлық балаға сыйлық беру ұйғарылды. Осы мақсатта 7 мыңнан астам сыйлықты үлестірілуде. Біздің басты көмекшіміз – еріктілер штабы. Жаңа жылға дейін қайырымдылық акциясын жалғастыру арқылы әр балаға қуаныш сыйлауды көздедік»,дейді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.