Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Сүлейменовтің мәліметінше, бұған дейін алты аудан мен Атырау қаласының әкімдігі «Ореn-space» форматындағы жаңа жүйеге көшкен болатын.
«Президент Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған еді. Мемлекеттік органдардың жұмысын сервистік модельге көшіру мемлекеттік қызметшілердің жаңа ұйымдастырушылық мәдениетінің көрінісін, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсетудің қолайлы ортасын құруды қамтамасыз етеді. Бұл – өңірдегі сегізінші «Ашық әкімдік» дейді департамент басшысы Қанат Сүлейменов.
Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, «Ашық әкімдік» кеңсесі кеңес беруге арналған алаңмен, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен, ақпараттық стенділер мен WI-FI желісімен қамтылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасалып отыр.