«31 желтоқсанда Теңіз кенішіндегі өндірістік алаңнан тыс вахталық кенттегі мердігерлік мекеменің қоймасы өртенгені белгілі болды. ТШО-ның өрт-авариялық қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Ғимараттан барлық қызметкер эвакуацияланды. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады» делінген «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өрт туралы тиісті органдарға хабарланыпты. Енді қойманың неден өртенгені тексеру кезінде анықталады.