Қоғам • 02 Қаңтар, 2021

Темекі өнімдеріне акциздердің ставкалары кезең-кезеңімен өседі

539 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Egemen.kz Қазақстан Республикасында темекі өнімдерінің заңсыз айналымының таралуын болдырмау мақсатында темекі өнімдеріне акциз ставкаларын кезең-кезеңімен арттыру үшін темекі өнімдеріне акциздердің ставкалары кезең-кезеңімен өсетінін хабарлайды.

Темекі өнімдеріне акциздердің ставкалары кезең-кезеңімен өседі

.  Шетелдерде темекі акцизінің қымбаттауынан түскен ақша медициналық сақтандыру қорларына түседі. Ал бізде Қаржы министрлігіне аударылады. Осы ретте мамандар шетелдік тәжірибені бізде қолдансақ, медициналық сақтандыру қорының мүмкіндігі әртараптандырылатын айтады.

Енді негізгі тақырыпқа қайта оралсақ: 
   KPMG халықаралық аудиторлық компания ұсынған деректерге сүйенсек, 2020  жылы ЕЭАО елдеріне 20 млрд қорап темекі заңсыз саудаланған. Нәтижесінде төленбеген акциздер мен салықтан келген шығын көлемі  1 млрд долларды құрады.  Ал одақ елдері арасында темекі өнімдеріне ең қымбат баға Ресейде тіркелген. Көрші елде 1 қорап темекінің орташа бағасы 540 теңге. Екінші орында 436 теңге көрсеткішімен Қазақстан тұр.

ЕАЭО елдері мен Еуропалық одаққа заңсыз темекі өнімдерінің басым бөлігі Беларусьтен тасымалданады. Себебі бұл мемлекетте ең төменгі баға тіркелген (1 қорап темекі - 270 теңге). Сонымен қатар, мамандар жыл сайын Беларусьтен 13 млрд қорап темекі заңсыз шығарылатынын айтуда. Акциздік мөлшерлеменің жоғарылауы шылым шегетіндер санының азаюына әсер ете ме деген сұраққа мамандар баға динамикасы халықтың шылым шегуіне әсер етпейтінін 2019  жылы елімізде тыныс алу органдарының ауруларымен сырқаттану 100 мың адамға шаққанда 23,9 мың адам болған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 24,8 мың адамды құраған. Тыныс алу органдары ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда 87,1 адамды құраса, бір жыл бұрын - 92,2 адам болған. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өткізілетін темекі өніміне арналған акциздер ставкаларын үйлестіру (сәйкестендіру) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өніміне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы Келісім" (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №911 қаулысы) шеңберінде іске асырылады.

Енгізілетін жаңа нормаларға сәйкес (2020 ж. 10 желтоқсандағы ҚРЗ) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің ставкалары:

- темекіге 12 300 теңге / 1000 данасына;

- қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 11 750 теңге / 1 кг темекі қоспасына;

- никотині бар сұйықтыққа 8 теңге / 1 миллилитр сұйықтыққа құрайтын болады.

Қолданыстағы заңнама бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін акциз ставкалары:

- темекіге 11000 теңге / 1000 данасына;

- қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 7345 теңге /1 кг темекі қоспасына;

- никотині бар сұйықтыққа 5 теңге/1 миллилитр сұйықтық құрайды.

Қазіргі уақытта газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы, экологиялық отын түрінде, ЕАЭО елдеріне бензиннің экспорты ұлғайды, бұл ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығына алып келеді және көлеңкелі айналымның ұлғаюына ықпал етеді.                     

Осыған байланысты, акцизделетін тауарлар тізіміне жаңа тауарлар енгізілді, атап айтқанда газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы және экологиялық отын.

Бұл өзгертулер 2022 жылдан бастап қолданысқа енеді.