Бүгін сағат 14:17-де төтенше жағдайлар қызметіне Қобдадағы тұрғын үйде газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама түсті.
«Өрт-құтқару бөлімшелері аталған мекенжайға шұғыл аттанды. Үйдің кіреберісінде 5 литрлік газ баллонының жарылғаны анықталды. Салдарынан үйдің бір бөлігі құлады. Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 8 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 14:40-та сөндірілді», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт кезінде 34 және 31 жастағы ер адамды күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қанағаттанарлық.