Аймақтар • 04 Қаңтар, 2021

Оралда әйел адам төртінші қабаттан секіріп кетті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда әйел адам төртінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда әйел адам төртінші қабаттан секіріп кетті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 қаңтар күні кешкісін А.Оразбаева атындағы көшеде көпқабатты үйде орын алды.

Сағат 19.00-де 47 жастағы әйел төртінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның сегізінші қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз