Жүк таситын ұшақ Ататүрік әуежайынан жергілікті уақыт бойынша (0540GMT) таңғы сағат 08:40-та ұшқан. Turkish Airlines баспасөз қызметі әуеге көтерілген B777-F ұшағы құстармен соқтығысып қалғанын хабарлады.
Құстар жүк таситын ұшақтың планерін зақымдаған. Аталған ұшақ шұғыл түрде жерге қону үшін салмағын азайту керек болған, сол себепті жанармайды Мәрмәр теңізінің үстіне төгіп жіберіп, одан кейін Ататүрік әуежайына қайта қонған.